Алматылық полицейлер бизнесменді ұрлап, оның отбасынан 1 млн доллар
бопсаламақ болғандарды ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі
хабарлады. Олардың ақпаратына сай, әкімшілік полицияның арнайы экипажы
жол ережесін өрескел бұзып, қарама-қарсы бағытта кетіп бара жатқан шетелдік
көлікті тоқтатады. Алайда жүргізуші полицияның бұйрығын қаперіне ілмей үйлердің
ауласына тығылады. Сонда да қашқынның ізінен қалмаған полицейлер оқиға орнында
автокөлік жүргізушісін ұстайды. Ал көлік ішіндегі екі жолаушы қашып үлгерген.
Көліктің салонын тексеру барысында полицейлер ер адамды тауып алған. Әбден соққы
жеген оның кәсіпкер екені анықталды. Жәбірленушінің айтуынша, оны үш адам ұрлап
алып шығып, отбасынан қомақты мөлшерде қаржы талап етпек болған.
Алдын ала тергеу-тексеру барысында қылмыс жасаған тұлғалардың кім екендігі анықталды. Қашып
кеткен екі күдіктіге іздеу жарияланды. Бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылған
45 жастағы көлік жүргізушісі енді тиісті жазасын алатын болады.
Самат ҚАНАҒАТОВ