$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Шардара ауданындағы пошта бөлімшесінде жарты миллионнан астам теңге қолды болған

AstanaTV
24.08.2015ж. 20:00
1302
Шардара ауданындағы пошта бөлімшесінде жарты миллионнан астам теңге қолды болған

Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында пошта бөлімшесі тоналды. Ұрылар жарты миллионнан астам теңгені қолды қылған. Бұл қылмыс ізі суымай ашылды. Яғни қарақшылық шабуылды жасаған күдіктілер қолға түсті. 

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекшісі:

Күдікті ретінде үш ағайынды қолға түсті. Олар 1982, 1984 және 1989 жылы туылған. Олардан айғақты зат ретінде «ЛЕКСУС» автокөлігінен сол ұрланған ақшалар табылды. Және бірәз қару алынды. Ол травматикалық тапанша, тапанша және шолақ мылтық. Алынған қару-жарақтардың бәріне қазір баллистикалық сараптама тағайындалған.

Ғимаратқа терезе арқылы кірген үшеу күзетшіні қарумен қорқытып, қол-аяғын байлап тастаған сыңайлы. Ішкі істер департаментінің өкілі Қазпоштаның Шардара аудандық бөлімшесінде ешқандай қауіпсіздіктің сақталмағанын айтады. Бейнекамера жоқ. Дабыл қаққыш та істен шыққан. Қарақшылар осыны оңтайлы пайдаланған көрінеді.

Күдіктілер мінген көліктен ұрланған ақша түгел алынды. Қарақшылар оңай олжасын жұмсап үлгермепті. Қазір олардың үстінен «қарақшылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатысы бар немесе жоқ екені тексерілетін болады, - деп мәлімдеді ішкі істер қызметінің өкілі.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ