Алматы мен оның айналасында жеке тұрғын үй құрылысы
үшін бос жер жоқ. Бұл жайында қалалық әкімдікте өткен жиында айтылды. Екі апта
бұрын тұрғындар 10 сотық жер сұрап ұзын сонар кезекке тұрған. Құзырлы орган жетекшілерінің
дерегінше, шаһарда 68 мың гектар жер бар, оның барлығы өз иесін тапқан. Енді
тұрғындардың өтінішіне жазбаша жауаптар қайтарылмақ. Ал ел арасында заң талабын
түсіндіру жұмыстары жүргізіледі,- дейді прокуратура өкілдері.
Мамыр айында
белгісіз біреулер әлеуметтік желілер арқылы Алматы мен Астанада 10 сотық тегін
жер беріледі деп хабарлама таратқан. Әкімдіктердің алдына мыңдаған адам
жиналып, жер алуға арыз берді. Алматы қалалық жер қатынастары басқармасы 4
мыңға жуық өтінішті қарап, тиісті жауабын дайындап жатқанын айтты.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ