$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қазақстанда апатты жағдайдағы және үш ауысымдағы мектептер мәселесі 2017 жылы толық шешіледі

AstanaTV
26.08.2015ж. 20:00
1577
Қазақстанда апатты жағдайдағы және үш ауысымдағы мектептер мәселесі 2017 жылы толық шешіледі

Апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын мектептер мәселесі 2017 жылы толық шешіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.

Қазақстанда жеті жарым мыңдай мектеп екі жарым миллионннан астам баланы қабылдайды. Бірінші сынып табалдырығын 336 мың бала аттағалы отыр. Қосымша 157 жаңа мектеп ашылады. Бұл үш ауысымдық мектептер санын 100-ден 80-ге қысқартуға мүмкіндік бермек. Апатты мектептер саны да 136-дан 66-ға қысқарады. Ал 2017 жылға қарай аталмыш мәселе толықтай шешіледі», - деді министр. 

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Күрделі жөндеу жұмыстары 250 мектепте жүргізілді. 5 мыңдайы ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтті. Барлық аймақтардағы мектептер жаңа оқу жылына әзір. Оларды оқулықтармен толық қамтамасыз ету мәселесімен айналысып жатырмыз. Жыл сайын мектепке баратын балалар саны артып келеді. Тиісінше жаңа оқу орындары да ашылуда. Қазіргі уақытта министрлік үш ауысымдық және апатты мектептер мәселесімен айналысуда. Оны біз 2017 жылға қарай шешеміз деген ойдамын.

Жұрағат БАМАН