$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Үкімет отырыстары жақын арада БАҚ үшін ашық жағдайда өткізілуі мүмкін

AstanaTV
26.08.2015ж. 20:00
1079
Үкімет отырыстары жақын арада БАҚ үшін ашық жағдайда өткізілуі мүмкін

Үкіметтің есігі журналистерге қайта ашылмақ. Яғни атқарушы органның отырыстары енді БАҚ үшін ашық жағдайда өткізілуі мүмкін.

Мұндай нормалар алдағы қыркүйекте Парламент мәжілісінде таныстырылатын «Ақпаратқа қол жетімділік туралы» заң жобасында қарастырылған. Елбасының 100 қадам Ұлттық бағдарламасы аясындағы басым бағыттардың бірі - «Ашық мемлекет». Оған сәйкес кез келген мемлекеттік орган қатардағы азаматтарға ақпараттық тұрғыдан ашық болмақ. Заң жобасы, мемлекеттік құпияға жатпайтын ақпараттарды, яғни мемлекеттік органдардағы мәліметтердің 70 пайызын жариялы етпек.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Заң жобасында мемлекеттік органдарды өз қызметін ашық жүргізуге міндеттейтін нормалар қарастырылған. Ал үкімет отырыстарының ашық жағдайда өтуіне келетін болсақ, бұл мәселе заң аясында үкімет үйінің өз ұйғарымымен шешімін табады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ