$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Шымкентте жарнама билбордын жасаушылар банкрот болып жатқандарын мәлімдеді

AstanaTV
26.08.2015ж. 20:00
1687
Шымкентте жарнама билбордын жасаушылар банкрот болып жатқандарын мәлімдеді

Шымкентте жарнама билбордтарын орналастырумен айналысатын кәсіпкерлер шығынға баттық деп шырылдайды. Олардың кәсібіне жергілікті билік енгізген өзгерістер кедергі болған сыңайлы. «Жарнама тақтайшаларының көлеміне шектеу қойылған соң, пайдадан қағылдық»,- дейді олар.

Әбдіғали Сейдуалиев, ОҚО жарнама агенттіктері қауымдастығының төрағасы:

Бүкіл қаланың ішіне 3/4 қою керекпіз. 3/6 ны қаланың сыртына қойыңдар, дейді. Ол жаққа ешқандай жарнама бармайды. Ол, мысалы, жарнамашы бармайды, клиент. Біз сол мәселеде ұсыныс бердік де, 12 көше бізге беріңдер деп 3/6 қоюға. Ол енді бізге ондай ештеңе берген жоқ және құзырлы мекеме тарапынан бізге қайта-қайта тексеріс болып жатыр.

«Жөн-жосықсыз тексерістер салдарынан тоқырауға тап болдық»,- деген жарнамашылар биліктен мәселенің оң шешілуін талап етуде. Жарнама тақтайшаларының көлеміне шектеу қойылғалы бері, тапсырыс азайған көрінеді. Жергілікті кәсіпкерлер палатасы осы мәселеге байланысты өз ұстанымдарын жеткізді. Олардың дерегіне қарағанда қазір Шымкентте бас-аяғы 25 жарнама агенттігі билбордтар мен плакаттар ілумен айналысады. Оның кейбірі банкрот болған. Сорақысы сол, осының салдарынан кәсіпкерлер ғана емес, қала қазынасы да табыстан қағылып отыр, - дейді аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілі.

Тимур Нахыпбеков, ОҚО кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді азайту департаментінің жетекшісі:

Кәсіпкерлер палатасының пайымдауынша, бұл шектеу негізсіз болып табылады. Өйткені жарнама саласындағы кәсіпкерлерге 12 шаршы метр емес, одан да көп, яғни 18-20 шаршы метр жарнама алаңы қажет жұмыс жасауға. Сол себепті біз осы Шымкент қаласында жарнама саласын реттеуге қабылданған ережені бұзу туралы ұсынысты қазір ОҚО прокуратурасына, әділет департаментіне жолдаймыз, деп отырмыз.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ