Әуежайлардағы
шарықтаған бағаны қадағалау үшін тәуелсіз комиссия құрылмақ. Бүгін Астанада
Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті өкілдерінің басқаруымен өткен дөңгелек
үстелде осындай ұсыныс айтылды. Астана мен Алматы әуежайдарында шәй мен
кофенің, тіскебасарлардың ақысы әлі де қымбат.
Жиынға Астана халықаралық әуежайының коммерциялық бөліміне жауапты
азаматтар да қатысты. Олар «әуежайда сауда саясаты талапқа сай» деп отыр. Астана халықаралық әуежайында 10 шағын
дәмхана мен 11 сусын сататын аппарат қойылған. Ал бағаларды реттеу үшін әуежай
басшылары бірқатар шараларды қолға алуы тиіс.
Құралай ПИОНЕР