$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Елбасының Қытай Халық Республикасына ресми сапары жалғасуда

AstanaTV
01.09.2015ж. 10:00
874
Елбасының Қытай Халық Республикасына ресми сапары жалғасуда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары жалғасуда. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабар таратты. Жоғары деңгейдегі кездесулер барысында көптеген уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Тараптар күн тәртібіндегі маңызды сұрақтарды талқылады. Мәселен, тегіс қамтылған стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі туралы бірлескен декларацияға қол қойылды. Қытай лидері Си Цзиньпин: «Бірлескен декларация бұған дейінгі екіжақты қарым-қатынастың қорытындысы және келешектегі ынтымақтастық үшін жасалған бағдарлама іспетті», - деп атап өтті. Сондай-ақ «Бәйтерек» холдингі мен «СИТИК Групп» арасында Қазақстан инфрақұрылымдық қорына бірлесіп қатысу туралы келісім жасалды. Екі ел үкіметтері арасында  индустрияландыру және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.

Келіссөздер барысында Қытай  басшысы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қош көретінін жеткізді. Мұның екіжақты қарым-қатынастарды арттыруда маңызды екенін де атап өтті. Тараптар сондай-ақ «жасыл технологияларды» дамыту саласындағы ынтымақтастықты Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің әлеуеті ауқымында дамытуға уағдаласты.

Ләйлә ҚАЗАИЯҚПАРОВА