Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Алматының «Қайрат» командасы Еуропа лигасының топтық кезеңіне өте алмады

AstanaTV
28.08.2015ж. 20:00
1430
Алматының «Қайрат» командасы Еуропа лигасының топтық кезеңіне өте алмады

Алматының «Қайрат» командасы Еуропа лигасының топтық кезеңіне өте алмады. «Францияның «Бордо» командасымен өткен қарымта ойында Владимир Вайсстың шәкірттері 2-1 есебімен жеңіске жеткеніне қарамастан, бәсекеден тыс қалды. Сондай-ақ, чемпиондар лигасында сәтті өнер көрсеткен «Астана» командасының қарсыластары белгілі болды. Олар - Португалияның «Бенфика», Испанияның «Атлетико» және Түркияның «Галатасарай» командалары. Футбол тақырыбын Самат Қанағатов тарқатады. 

Алматының орталық стадионында өткен кездесуде алғашқы голды«Бордо» футболшылары өз қақпасына соғып алды. Алматылық жартылай қорғаушы Сито Риераның соққысын қайтармақ болған қонақтар қорғаушысы Седрика Ямбере дөрекі қателесті.

Үзілістен тынығып шыққан алаң иелері есепті еселеді. Қақпа алдындағы қарбалас сәтті ұрымтал пайдаланған Исламбек Қуат командаластарының қошеметіне бөленді.

Дегенмен, «Қайрат» футболшыларының қуанышы көпке созылмады. Екінші таймның аяғына таман «Бордо» клубының шабуылы сәтті аяқталды. Алаң иелері қорғаушыларының қателігін сәтті пайдаланған Энцо Кривелли мүлт кетпеді. Қалған уақытта «Қайрат» командасы толассыз шабыл ұйымдастырғанымен Франциядан келген команда өздеріне керек есепті ұстап қалды.

Владимир Вайсс, «Қайрат»клубының бас бапкері:

Біз бұл ойында ұтқанымызбен, екі кездесу қорытындысы бойынша ұтылдық. Ойыншылар аянып қалған жоқ. Бірақ, қанша тырысқанымызбен, топтық кезеңге өте алмадық. «Бордо» клубының деңгейі бізден жоғары. Оны мойындауымыз керек.

Вилли Саньоль, «Бордо»клубының бас бапкері:

Кездесудің алғашқы минутында гол жіберіп алғанымыз футболшыларға ауыр тиді. Бірақ, соған қарамастан, ойыншылар қолдан келгенше, аянып қалған жоқ. Ең бастысы - өзімізге керек есепке қол жеткіздік. Алаңдағы жас футболшлар үшін бұл үлкен тәжірбие.

Сонымен еурокубок жарыстарынан тыс қалған Владимир Вайсстың шәкірттері енді ел чемпионатының бас жүлдесі үшін таласады.

Самат ҚАНАҒАТОВ