Қытайдың
мұнай-химия кәсіпорнынан тағы да өрт
шықты. Жергілікті ақпарат құралдарының
хабарлауынша, жарылыс орын алған зауыт
Шаньдун провинциясында орналасқан. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Куәгерлердің айтуынша, кәсіпорында
бір емес, бірнеше жарылыс болған.
Reuters
әзірге жарылыс жөнінде ресми ақпарат таратпай отыр. Өйткені агенттік биліктен
қандай да бір мәлімет ала алмаған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полиция
қызметкерлері жеткен.
Еске салсақ, 12 тамыз күні Тяньцзинь қаласында жарылыс
болып, салдарынан 145 адам мерт болған еді.Тағы 800-ден астамы түрлі дене
жарақатымен ауруханаға түскен.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА