Барак
Обама өзін басқаша қырынан танытуды көздейді. Ол үшін АҚШ президенті жабайы
табиғатта тірі қалу бағдарламасына қатыспақ. Көпшілік асыға күткен шоу NBC
арнасынан көрсетіледі, деп жазады Reuters.
Президенттің қатысуымен түсірілген дүниенің
эфирге нақты қай күні шығатыны әзірге белгісіз. Бірақ оның міндетті түрде биыл
болатыны анық, - дейді телеарна өкілдері. Осылайша АҚШ тарихында Обама телешоуға
қатысқан алғашқы президент аттанбақ. Телеарна басшылығы таратқан хабараламаға
сай, Барак Обама тележүргізушімен бірге ғаламдық климаттың өзгеруі салдарынан
туындайтын проблемалар жайлы әңгімелейді.
Шоуға Обаманың қатысуына орай
сарапшылардың өз болжамы бар. Айтуларынша, 2016 жылы президенттік уәкілеттігі
аяқталғаннан кейін, Ақ үй басшысы қандай
жұмыспен айналысуын білмей отырғандықтан, осындай қадамға барған көрінеді.
Берік
ХАСЕНОВ