$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Демалыс күндері 25 пайызға қымбаттаған мұнай бағасы бүгін қайта құлдырады

AstanaTV
01.09.2015ж. 13:00
1979
Демалыс күндері 25 пайызға қымбаттаған мұнай бағасы бүгін қайта құлдырады

Демалыс күндеріндегі сауда сессиясынан кейін 25 пайызға қымбаттаған мұнай бағасы бүгін қайта құлдырай бастады. Бұл туралы «Bloomberg» агенттігі хабарлайды. Мәселен, «Brent» маркалы мұнай 3 пайызға, яғни барреліне 52 долларға дейін арзандады. Ал «WTI» мұнайының  баррелі 47 долларға тең.

Айта кетерлігі, бүгін АҚШ-тың мұнай қоры бойынша жаңа деректер жариялануы тиіс.  Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы нарықтағы өзге өндірушілермен «әділ баға орнату» мақсатында келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. Десе де, мамандар, соңғы үш сауда сессиясындағы баға өсімі тоқсаныншы жылдардан бергі кезеңде рекордтық нәтиже көрсетті, деп отыр. Сондықтан мұнай нарығындағы шикізат ұсынысында айтарлықтай өзгеріс болмайтынын болжауда.

Жұрағат БАМАН