Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Жергілікті полиция қызметі» туралы Заң Парламент қарауында

AstanaTV
01.09.2015ж. 13:00
2822
«Жергілікті полиция қызметі» туралы Заң Парламент қарауында

Мемлекет басшысы ел Үкіметіне халыққа есеп беретін жергілікті полиция органын құруды тапсырған болатын. Осыған орай Ішкі істер министрлігі арнайы заң жобасын Парламент қарауына енгізді.

Жаңадан құрылғалы жатқан жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпті күзету, жол қауіпсіздігін және тұрмыстық қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау міндеттерін іске асырады. Оның құрылымына учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік, ювеналдық, табиғатты қорғау полициясы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау және арнайы қабылдау бөлімдері кіретін болады.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының айтуынша, жергілікті полиция қызметін құру полицейлерді өзіне тиесілі емес міндеттерді орындаудан босатады. Парламенттің қос палатасы заң жобасын мақұлдаса, ол өз қызметін 2016 жылдың бірінші қаңтарынан бастамақ. Аталмыш қызмет жергілікті әкімдіктерге бағынышты болады.

Игорь Лепеха, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

Заң жобасына сәйкес жергілікті полиция қызметінің басшысы мен орынбасарларын Ішкі істер министрлігінің ұсынымы бойынша мәслихат депутаттарының келісімімен облыс, қала әкімдері тағайындайды. Жергілікті полиция қызметі басшылары әкімдік пен мәслихат алдында және жылына бір рет тұрғындар алдында есеп береді деп жоспарланған.

Берік ХАСЕНОВ