Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылжарда мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған балаларға Елбасының сыйлығы табысталды

AstanaTV
01.09.2015ж. 13:00
1264
Қызылжарда мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған балаларға Елбасының сыйлығы табысталды

Президенттің арнайы сыйлықтарына қызылжарлық балақайлар да ие болды. Бірінші сынып оқушыларына арналған кітапта Қазақстанның көрнекті жерлері, халқымыздың салт-дәстүрі мен елімізде мекендейтін жануарлар жайлы мағлұматтар бар. Балғындар оны жақсы меңгеру үшін, мәтіндердің жанына арнайы суреттер салынған. Мұндай ерекше оқулықтар еліміздегі бірінші сыныптың табалдырығын аттаған оқушылардың барлығына тарту етілді.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 8175 бүлдіршін білім ордасына тұңғыш рет барып отыр. Солардың бірі - Динара Сәбитова. Білімге құштар балақай мектепке бармай тұрып, 42 әріпті түгел таныған. Енді ел Президенті табыстаған кітапты тез арада оқып шығамын, дейді.

Динара Сәбитова, 1 сынып оқушысы:

Маған мынандай көк кітап берді. Маған ол ұнайды. Сөздері өте әдемі. Президентке рахмет. Маған кітап бергені үшін оған рахмет. Мен енді оны оқып тұрамын.

Абзал ҚҰРМАНКИН