$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Павлодарлық педагогика институтының бірінші курс студенттері білім күнін «Алғашқы ұстаз» ескерткішінде атап өтті

AstanaTV
01.09.2015ж. 20:00
1521
Павлодарлық педагогика институтының бірінші курс студенттері білім күнін «Алғашқы ұстаз» ескерткішінде атап өтті

Керекулік студенттер де білім күнін атап өтті. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты алдындағы «Алғашқы ұстаз» ескерткішінің маңайы бүгін ерекше күйде. Әуелеген ән, көтеріңкі көңіл күй. Ең бастысы, жиналғандардың жанарында  мамандыққа деген ыстық ықылас. Білім мерекесінде жас тәлімгерлерге алдыңғы буын өкілдері ақ жол тіледі. Ал өз кезегінде жастар ұстазға деген құрметін ескерткішке гүл шоқтарын қойып, білдіріп жатты.

Білім ошағы берген ақпарға сәйкес, 2015 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын мыңнан астам талапкер таңдаған.  Мұнда тек Павлодар облысынан ғана емес, өзге өңірлерден келген студенттер де баршылық.

Олжас Оңғарбаев, ПМПИ 1 курс студенті:

Бұл жаққа жүрек қалауыммен келдім. Өзім жаздым, осы жақты таңдағанда. Менің мамандығым - география. Солтүстікті көргім келді. Оңтүстікті көріп жатырмыз. Осы жақтың табиғатын, осы жақтың жерін, халқын, осы жақ қандай екен.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ