×

Жаңа Еңбек кодексі жұмыс беруші мен жұмысшының мүдде тепе-теңдігін қамтамасыз етеді

AstanaTV
02.09.2015ж. 20:00
2002
Жаңа Еңбек кодексі жұмыс беруші мен жұмысшының мүдде тепе-теңдігін қамтамасыз етеді

Ертең Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Мәжіліс депутаттарына жаңа Еңбек кодексінің жобасын таныстырады. Бұл жайында вице-министр Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Айта өтейік, мәжілісмендер аталмыш заңды өндіріске алып та қойды. Атышулы кодексті әзірлеуге отандық сарапшылардан бөлек Халықаралық еңбек ұйымдарының өкілдеріне дейін ат салысқан. Ведомство өкілі, жұмыс тобының бас-аяғы 20-дан астам отырыс өткізіп, бар олқылықтарды жоюға тырысқанын айтады.

Кодексте кадрлардың орнын ауыстыру, қызметкерді жұмыстан босату, еңбек шарттары мен оның төлемақысын анықтау шаралары жеңілдетілген. "Ең бастысы бұл  кодекс жұмыс беруші мен жұмысшының мүдде тепе-теңдігін қамтамасыз етеді", - дейді вице-министр.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Жаңа Еңбек кодексінде жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынастарына мемлекеттің араласуының нақты шекаралары айқындалып, тараптар мүдделігінің тепе-теңдігін сақтай отырып, еңбек қатынастары субъектілерінің арасында олардың ролдері мен жауапкершілігін жүктеуді ұсынып отыр, жаңа кодекс.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА