Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Н.Рахметов: «Самұрық-Қазынаның» басқарма мүшелері 57 емес, 31 миллион теңге сыйақы алған

AstanaTV
02.09.2015ж. 20:00
1411
Н.Рахметов: «Самұрық-Қазынаның» басқарма мүшелері 57 емес, 31 миллион теңге сыйақы алған

«Самұрық-Қазынаның» басқарма мүшелері 57 емес, 31 миллион теңге сыйақы алған. Бұл жөнінде қордың қаржы директоры Нұрлан Рахметов мәлімдеді. Жақында «КASE» қор биржасының сайты «Самұрық-Қазына» қоры басқармасының әрбір мүшесі 57 миллион теңгеден сыйақы алғанын хабарлады. Сондай-ақ сыйақының жалпы мөлшері 345 миллион теңгеден асып жығылғаны туралы жазылды.

Ал, қор өкілдері бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтуда. «Сыйақы 2013 жылғы жұмыс нәтижесіне сай төленген»деп отыр. Сол жылы ұлттық әл-ауқат қорының таза табысы 654 миллиард теңге болған. Бюджетке түскен салық пен өзге де міндетті төлемдер сомасы - 913 млрд теңге. Үкіметке төленген  кеңейтілген дивиденттер көлемі 157 миллиард теңгені құраған. «Сөйтіп, 2013 жылғы қордың топ-менеджменті жұмысының қорытындысы бойынша жылдық бонус 185,5 миллион теңге болды. Басқарма құрамындағы алты адамға шаққандағы бонус 57 миллион емес, 31 миллион теңгеден келеді», - деді «Самұрық-Қазына» қорының қаржы  директоры.

Нұрлан Рахметов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қаржы директоры, басқарма мүшесі:

Жалақы мен бонус жүйесі бастапқы кезден-ақ Үкімет қаулысымен бекітілген және 2011 жылдан бері өзгерген жоқ. Жыл қорытындысы бойынша бонустар қордың директорлар кеңесінің шешімімен ғана төленеді және оның мөлшері үш жылдық еңбекақы сомасы мөлшерінен аспауы тиіс. Басқарма мүшелерінің жылдық бонустарды алмауына да болады. Мәселен, қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев әдетте мұндай сыйақыдан бас тартады. 

Берік ХАСЕНОВ

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық