Шымкентте
түнгі клубтардың бірінің маңында оқ атылды.
Салдарынан екі адам әртүрлі дене жарақатын алған.
Кенжебек
Оңдасынов, ОҚО
ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы:
Шұғыл
тергеу топ қылмыстық оқиға болған жерге барып, ол жерде анықталғаны: белгісіз
автокөлік сол түнгі клубқа қарай бірнеше рет оқ атқан. Соның салдарынан екі
азамат жеңіл жарақат алған. Ол 1993 жылы туылған осы клубтың күзетшісі және
екіншісі 1996 жылы туылған азамат. Қазіргі таңда шұғыл тергеу тобы құрылған. Осы
уақытқа дейін қылмыскерлер күдікті ретіндегі азаматтар анықталып, ұстау шаралары жүргізілуде.
"Пача" түнгі клубындағы оқыс оқиға осы түні орын алды. Жарақат алған екеу медициналық көмек алғанмен, ауруханаға жатудан
бас тартты, деп мәлімдеді дәрігерлер. Оқ аяқтарына тиген. Бүгінгі таңда
күдіктілердің тұлғасы анықталып, ұстау
шаралары жүргізілуде. Аталған жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни «Қару пайдалану арқылы бұзақылық жасау» бойынша қылмыстық іс
қозғалды, деп хабарлады ішкі істер департаментінің басқарма бастығы.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ