«ЭКСПО-2017»
халықаралық көрмесінің билеттері жеңілдікпен сатылып жатыр. Промо-кезеңдегі
бекітілген баға бойынша әзірге оның құны 2 мың және 6 мың теңге аралығында. Ал
көрменің ашылуы қарсаңында билеттер 30-35 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл
туралы ұлттық компанияның өкілдері айтты. Жалпы билеттердің сатылымы
10 маусымда басталған. Оны «tickets.expo2017astana.com» сайтына тіркелу арқылы
алуға болады. Кассаларға қашан түсері белгісіз.
Билеттер күні белгіленген және белгіленбеген болып бөлінеді. Оның ішінде демалыс күнгі
және жұмыс күнгі деп сатылуы тиіс. Соған сәйкес бағасы да әртүрлі. Ал соғыс
ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар мен 6 жасқа дейінгі балалар көрмеге
тегін кіреді. Зейнеткерлер, көпбалалы аналар, студенттер мен оқушыларға 50
пайыздық жеңілдік бар. Бір адам 50 билетке дейін сатып ала алады. Билеттің
көшірмесін жасау мүмкін емес. Өйткені қауіпсіздік штрих-коды қойылған.
Ақсұлу Азырқұлова, «ЭСКПО-2017» ҰК қоғаммен
байланыс департаменті директорының орынбасары:
Біз
сатылымды бірнеше кезеңге бөлдік. Бірінші - промо-кезең. 10 маусымнан
13 шілдеге дейін. Алдын ала сатылым - 13 шілдеден 2016 жылдың 2017 жылдың
9 маусымына дейін. Және көрменің өзі басталған кезде 2017 жылы 10 маусымынан
бастап басқа бағамен сатылады. Айта кететіні, 2017 жылдың 10 маусымынан бастап бағалар қазіргіден 30-35 пайызға өсетін болады.
Құралай ПИОНЕР