Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Тек «Қазақстанда жасалған» өнімдері сатылатын сауда орталығы ашылады

AstanaTV
13.06.2016ж. 20:00
2904
Тек «Қазақстанда жасалған» өнімдері сатылатын сауда орталығы ашылады

Қазақстанда жасалған өнімдер енді бір жерде шоғырланады! Шілдеден бастап Астанада «Халықтық марка» белгісіне ие отандық тауарлар сатылатын сауда орталығы ашылмақ. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Қайырлы Тәукен мәлімдеді.

Қазірдің өзінде 300-ден астам кәсіпкер өнімін қоюға ниет білдірген. Оларға «Халықтық марка» белгісі 2 жылға дейін тегін берілмек. Сондай-ақ, сауда орнын 1 жыл ақысыз пайдалануға мүмкіндігі бар. Одан кейін шаршы метріне ай сайын 3 мың теңге төлеуі тиіс. Ең бастысы, сауда орталығы отандық өндірушілердің делдалсыз жұмыс істеуіне әрі тауарын экспортқа шығаруға жол ашпақ. Қазақстанда жасалған өнімдер сатылатын алаң Астана күні құрметіне арналып ашылғалы отыр.

Қайырлы Тәукен, Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті:

Бүгінгі күні біздің тауарлар өзінің сапасы және бағасы жағынан сәйкес келеді. Бірақ соны тұтынушыға жеткізу, көрсете білу, сол көз қызғарлықтай, көңіл бөлетіндей жеткізу мәселесі туындап тұр. Екінші,  әрине, тауар өндірушіден тұтынушыға жеткенге дейін делдалдардың болуы. Орталықтың ашылуын алдағы айдың 1-6 аралығына белгілеп отырмыз. Бұл енді бәрімізге өте үлкен мереке.

Құралай ПИОНЕР