$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Тимур Жақсылықов: Бұдан былай бизнес-омбудсмендердің уәкілеттігі кеңейеді

AstanaTV
03.09.2015ж. 20:00
898
Тимур Жақсылықов: Бұдан былай бизнес-омбудсмендердің уәкілеттігі кеңейеді

Бизнес-омбудсмендердің уәкілеттігі кеңейеді. Бұл жөнінде Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді. Яғни бұдан былай бизнес-омбудсмендер Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүше болып табылады. Және олардың мемлекеттік органдарға өз ұсыныстарын енгізуге де мүмкіндіктері болмақ.

Мемлекеттік органдар тарапынан шешімін таппаған даулы мәселелерді тікелей президенттің қарауына жіберуге де бизнес-омбудсмендерге құқық беріледі. Өздері де жыл сайын Елбасының алдында есеп беріп отырмақ. 

Тимур Жақсылықов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

Бизнес-омбудсмен институтының нығаюы кәсіпкерлердің құқығын қорғауға зор үлес қосады. Үкімет қарастырған заң жобасына сай, омбудсменнің мәртебесін асыру үшін, оның жұмысы президентке бағынышты болады. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА