Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Оралда жол апатынан аға прокурор ажал құшты

AstanaTV
03.09.2015ж. 20:00
1101
Оралда жол апатынан аға прокурор ажал құшты

Оралда аға прокурордың өлімімен аяқталған жол апатының мән-жайы анықталды. БҚО ішкі істер департаменті өкілдері хабарлағандай, соқтығысқан екі көлік жүргізушісінің де ішімдік ішпегенін арнайы сараптама көрсеткен.

Айта кетейік, 29 тамыз күні таңғы сағат бестер шамасында облыстық прокуратураның аға прокуроры тізгіндеген «Ниссан Мурано» автокөлігі екінші бір жеңіл көлікпен соқтығысқан. Сау тамтығы қалмаған екі көліктегі жолаушылар ауруханаға жеткізіледі. Бірақ алған жарақатынан ес жимаған аға прокурор көз жұмады. Ал екінші көлікті Қарағандыдағы полиция академиясының 2-курс студенті басқарғаны анықталды. Дәрігерлердің оның жағдайы өте ауыр деп отыр. 

Флюра Саматова, БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы: 

Біреуінің жағдайы қазір өте ауыр деп бағаланады, жансақтау бөлімінде жатыр. Екеуі облыстық клиникалық аурухананың травмотология бөлімінде ем қабылдауда. Қазіргі таңда алдын-ала операцияға дайындау шаралары жүргізілуде және де, олардың денсаулық жағдайлары жақсарғаннан кейін, ота жасатылатын болады. Оларға енді жамбас және иығына ота жасату қажет. 

Еркін КАРИН