$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Қазақстанда рубльге деген сұраныс өсті

AstanaTV
04.09.2015ж. 10:00
1218
Қазақстанда рубльге деген сұраныс өсті

Қазақстанда рубльге деген сұраныс өскені байқалады. Бұл жайында «Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова Алматыда өткен баспасөз маслихатында айтты. Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ елдері бірыңғай валютаға өту науқанын шамамен 2025 жылға жоспарланған. Бұл мәселеге байланысты банк басшысы - Үкімет асығыстық танытпайды, деп сенеді. Өйткені Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері аясында біріңғай валютаға өтуге дайын емес. Теңге құбылмалы болмай тұрып, банк күніне 1 миллиард рубль сатып отырғанын жеткізді.

Үміт Шаяхметова, «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрайымы:

Теңге құбылмалы болмай тұрып, халық, кәсіпкерлер долларға қарағанда, Ресей рублін көп сатып алды. Демек экономиканың рубльге бет бұруы байқалады. Рубльдің құнсыздануы - Ресей тауарларына деген сұранысты арттырады. Егер алдағы уақытта дәл осындай жағдай қайталана берсе, мемлекет пен үкімет тарапынан қандай да мәлімдемелер мен шешімдер шығарудың қажеттілігі болмай қалуы мүмкін.

Cамвт ҚАНАҒАТОВ 


  

Алдыңғы жаңалық