Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

АҚШ Қытайды жауапқа тартпақ

AstanaTV
04.09.2015ж. 10:00
1229
АҚШ Қытайды жауапқа тартпақ

Америка Құрама Штаттары Юаньнің құнсыздануы үшін Қытайды жауапқа тартпақ. Бұл жайында АҚШ қаржы министрі Джек Лью CNBC телеарнасына берген сұхбатында айтты. Айтуынша, Американы Қытайдың өз валюта курсын басқаруы алаңдатады. Аспан асты елі, нарық күші - юаньді тек құлдыратуға емес, көтеруге де дайын болуы керек, - дейді америкалық қаржы министрі.

Джек Лью ұлттық валюта курсының бағамын өзгертуде тек экономикалық қана емес, саяси астар да бар екенін айтады. Егер де Қытай алған бағытын жасыратын болса, онда Америка елді жауапқа тартатын болады, - деді ол.

Әзірге Қытай тарапы қандай да бір ресми жауап қатпады. Әдетте аспан асты елі америкалық әріптестерін елдің ішкі экономикасына араласпауын сұрайды. Сарапшылар болса, Джек Льюдің бұл пікірі Бейжің мен Вашингтон арасын ажыратуы да мүмкін, деген пікірде.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА