Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Гватемала президенті Отто Перес Молина сотқа тартылды

AstanaTV
04.09.2015ж. 10:00
1998
Гватемала президенті Отто Перес Молина сотқа тартылды

Гватемала президенті Отто Перес Молина кедендік операцияларға қатысты алаяқтық жасады деген күдік бойынша отставкаға кетті. Ел Конгрессі президенттің отставкаға кетуін және оның сот алдындағы иммунитетін алып тастауды бірауыздан қолдаған.

Айта өтейік, Гватемалада президентке қарсы бірталай наразылық шаралары өткен болатын. Салдарынан бас прокурор президентті ұстау туралы ордер берген. Қазіргі уақытта оған елден кетуге тыйым салынды. Десе де, Отто Перес Молина өзіне жабылған айыптан бас тартуда. Одан бөлек Перес кезіндегі министрлер кабинеттін түгелімен отставкаға жіберген деп айыпталуда. Гватемаланың жаңа президенті болып бұрынғы вице-президент Алехандро Мальдонадо сайланды.

Берік ХАСЕНОВ