Атыраулық
экологтар «Теңізшевроил» компаниясында жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастады.
Оған әлеуметтік желілердегі бейнежазба себеп болған.
Бейнежазба
мұнай өндіруші кәсіпорында түсірілген. Онда диаметрі үлкен құбырдан сары түсті
газдың будақтап шығып, ауаға тарап жатқаны айқын көрініп тұр. Бұл заттың
қоршаған ортаға қаншалықты қауіпті екені анықталмады. Әйтсе де жұмысшылар бұған
алаңдаулы. Аймақтағы экологтар бейнежазба «Теңізшевроил» зауыты аумағында
түсірілген болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Тексеру шаралары да осыған
орай басталған. Арнайы тексеріс қорытындысы маусымның 20-сынан кейін белгілі
болады деді.
Қанат
Қалмахан, Атырау облысы бойынша бас экологиялық инспектор:
Бұл
қай аумақта екенін, қашан орын алғанын және күкірттің қанша көлемде жанғанын
анықтаймыз. Қоршаған ортаның ластану
деңгейі де тексеріледі. Мен бұл жазбаны көрдім. Күкірт қалдығы болуы мүмкін.
Технологиялық ақау нәтижесінде немесе пеш дұрыс жұмыс істемегеннен болуы
мумкін. Тексеру қорытындысы көрсетеді.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ