Қарағандыда тұрғын үй аулаларында орналасқан трансформаторлардағы
қосалқы бекет қабырғаларын граффити стилінде безендіруден байқау
ұйымдастырылды. Оны монополист компаниялардың бірі өткізуде.
Айта кету керек, «Жаз
жігері» байқауы биыл төртінші жыл ұйымдастырылып отыр. Осы уақыт аралығында
қала көшелеріне 300-ден астам сурет салынған. Биылғы шара барысында ерекше
өнерін паш етуге ниетті қылқалам шеберлері көптеп тартылды. Суретшілердің
бірегей туындылары қала тұрғындарын да
қуанышқа бөледі.
Университет
ғимараты ауласындағы трасформатор қабырғасына салынған Батырхан Шүкеновтің
портреті әншінің жас табынушыларына үлкен сый болды. Аулалардағы қосалқы
бекеттерде осы секілді 30 сурет салынған.
30-дан астам суретші «Ер есімі - ел есінде», «Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата заңымыздың 20 жылдығы», «Жанды табиғат қабырғалары»
тақырыптары бойынша туындыларын ұсынған. Қарағанды көшелерінде қол таңбасын
қалдыруға ресейлік қылқалам шеберлері де келді. Санкт-Петербург қаласының
суретшісі Кирилл Ведерников Қазақстанның кең даласын қатты ұнатқанын айтады.
Сондықтан трансформатор қабырғасына Бурабай мен Түркістанның бейнесін салғын.
Алтын
Сүлейменова, студент:
Біздің
университет қабырғасында Батырхан Шүкенов ағамыздың суреті салынғанына өте
қуаныштымыз. Осы жерде ол кісіні еске аламыз, суретке түсеміз.
Кирилл
Ведерников, ресейлік
суретші:
Санкт-Петербургте
алматылықтар өте көп. Олар маған қазақ халқы туралы айтып берді. Маған бәрінен
де қазақтың кең даласы ұнайды. Табиғатын, кеңдігін, қазақ қариясының даналығын
суреттеуге тырыстым.
Айжан ҚУАШ