$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Ақтаулық полицейлер жағажайдағы заңсыз бизнеспен күресуде

AstanaTV
13.06.2016ж. 20:00
1442
Ақтаулық полицейлер жағажайдағы заңсыз бизнеспен күресуде

Ақтаулық тәртіп сақшылары жағажайда велосипедті жалға берушілермен күресті бастады. Өйткені олардың ісі заңсыз көрінеді. Қара тізімге ілінгендердің арасында тәтті мақта, жүгері сатушылар және ойын-сауық аттракциондарының қожайындары да бар. Қазір жағажай аумағы кәсіпкерлерге лық толы. Тынығу алаңы кішігірім базарға айналған. 

Құралбек Қамалов, Ақтау қалалық ІІБ учаскелік инспекторы:

Олардың велосипедтерді жалға беруі заңсыз. Өйткені қолдарында кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат беретін құжаттары жоқ. Мәселен, жуырда екі жасар бүлдіршінді қатты келген велосипед соғып кетті. Бала жарақат алып, салдарынан мүгедек болып қалды. 

Екі апта жүргізілген жедел алдын алу шаралары кезінде 47 велосипед тәркіленіп, попкорн әзірлейтін 3 аппарат алынды. Сонымен қоса, балмұздақ дайындайтын қондырғы мен 4 балалар көлігі тәркіленді. 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тәртіп сақшыларымен алынған заттар салық органдарының шешімінен біраз уақыттан соң иесіне қайтарылады. Айта кетерлігі, әкімшілік материалдар екі ай бойы қаралады. Егер жағдай қайталанса, заңға сәйкес айыппұл көлемі екі есеге артпақ. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ