Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Молдавияда халық президент пен үкіметтің отставкасын талап етіп отыр

AstanaTV
07.09.2015ж. 10:00
1092
Молдавияда халық президент пен үкіметтің отставкасын талап етіп отыр

Молдавияда белең алған қарсылық акциясы барысында премьер-министр Валерий Стрелец пен ішкі істер министрі Олег Балан қарсылық білдірген тарап өкілдерімен кездесті.

Естеріңізге сала кетсек, ел астанасы Кишиневтің көшелеріне жүз мыңға жуық адам шеруге шықты. Олар президент пен министрлер кабинетінің отставкаға кетуін тапал етуде. Сондай-ақ, мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізіп, халық сенімінен шығатын үкімет құруды талап етіп отыр. Ең бастысы, көтерілісшілер барлық талаптары орындалмайынша, алаңнан кетпеуге бекінген. Тұрғындар көтерілісті тамыз айынан бері жоспарлапты. Олар «жемқорлыққа батқан үкімет кетсін» деген үндеу парақшаларын сол кезден бастап тарата бастаған.

Ал қарсылық шеруінің басталуына бірер күн қалғанда, билік «газ бен электр қуатының тарифін көтереміз» деген бастамаларынан айнып қалды. Бұған дейін ел үкіметі көгілдір отынды 15, ал жарықты 35 пайызға қымбаттатпақ болған. Бірақ биліктің бұл шешімі көтерілісшілерді тоқтата алған жоқ. Ал полиция бірнеше адамды тұтқындады.

Станислав Павловши:  

Сот жүйесі билікті шарпыған ісік ауруына айналды. Прокурорлар мен соттардың аранын жабуға ақшасы жоқ, қарапайым халық түрмеде отыр. Мұндайға тағы қанша уақыт шыдауға болады?