$441.91 €499.05 ₽5.3

Темірлан Тілеулес Қазақстан қоржынына Азия ойындарының 12-алтынын салды

Темірлан Тілеулес Қазақстан қоржынына Азия ойындарының 12-алтынын салды
Фото: ҰОК

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Тамирлан Тілеулес Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанып, еліміздің тарихындағы тұңғыш Азиада алтынын еншіледі, деп хабарлайды Astana TV.

58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы финалда Филиппин өкілі К. Барбосамен кездесіп, жеңіске жетті.

Бұл — Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы 12-алтын медалі.

Тамирлан Тілеулес турнир барысында жоғары шеберлік танытып, шешуші жекпе-жекте жеңіске жету арқылы қазақстандық таеквондо мектебінің әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті.

Қазақстанда таеквондоны дамыту, спорт резервін даярлау және жас спортшылардың кәсіби өсуіне жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық құраманы ірі халықаралық жарыстарға сапалы дайындау мен спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Тамирлан Тілеулестің жеңісі ұлттық құраманың жүлде қоржынын тағы бір алтын медальмен толықтырып, Қазақстанның құрлықтық додадағы маңызды нәтижелерінің біріне айналды.

Еске салайық, Айчи–Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.