Батыс
Қазақстан облысында орман өрті салдарынан тоқтатылған, «Орал-Ақтөбе»
бағытындағы поезд
қозғалысы қалпына келтірілді. Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салсақ, кеше,
яғни 7 қыркүйекте,
«Орал-Желаев» теміржол өткелінің 1032 шақырымындағы темір жол бойында 1 гектар
жер аумағында орманды алқап өртеніп, салдарынан жол бөлігінде 2 шақырымға жуық
темір жол бөренелері жанып кеткен. Нәтижесінде «Орал-Ақтөбе» жолаушы пойызының
қозғалысы уақытынан кешіктірілген болатын.
Жауапты ведомстволардың мәліметінше,
қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті ауыздықтау
жұмыстарына Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт
сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі жеке жасағының 21 қызметкері мен
3 техникасы, сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының екі поезды
тартылған. Алдын-ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.