Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстандықтар жалақысының 2 пайызы медициналық сақтандыру қорына жұмсалуы мүмкін

AstanaTV
08.09.2015ж. 10:00
1885
Қазақстандықтар жалақысының 2 пайызы медициналық сақтандыру қорына жұмсалуы мүмкін

Қазақстандықтардың жалақысының 2 пайызы медициналық сақтандыру қорына жұмсалуы мүмкін. Кейін жалақыдан алынатын жарна 5 пайызға дейін өсуі де ықтимал. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Мәжілісте "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заң жобасындағы толықтыруларды таныстыру барысында мәлімдеді.

Айтуынша, бұл үдеріс кезең-кезеңімен іске асады. Заң жобасына сәйкес, азаматтар үшін медициналық қызметтің екі түрі қарастырылған: бірінші - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет. Ол Қазақстанның барша азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Пакеттің құрамына жедел-жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік маңызды ауруларға, сондай-ақ шұғыл жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек кіреді. Ал екіншісі - қайтадан құрылатын медициналық сақтандыру Қоры ұсынатын сақтандыру пакеті. "Оған абулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғарғы технологиялық көмек кіреді", - деді министр.

Жұрағат БАМАН 

Алдыңғы жаңалық