$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Елизавета ІІ патшайымның өміріне қауіп төндірмек болған содырлар өлтірілді

AstanaTV
08.09.2015ж. 13:00
1232
Елизавета ІІ патшайымның өміріне қауіп төндірмек болған содырлар өлтірілді

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ-ге қастандық жасауды көздеген өздерін Ислам мемлекеті деп жариялаған радикалды топ лаңкестері өлтірілді. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министра Дэвида Кэмеронға сілтеме жасап, The Telegraph хабарлайды. 


Оның айтуынша, содырлар патшайымды ғана емес, оның отбасы мүшелерін де өлтіруді жоспарлаған. Лаңкестік әрекетті Рейяд Хан мен Джунайд Хуссейн атты Ұлыбритания азамттары ұйымдастырмақ болған. Олар Лондонда өткен Жапониямен соғыстағы жеңістің 70 жылдық мерейтойын тойлау шарасында жарылыс ұйымдастыруды көздеген. Тамыздың 14-де Уайтхоллда өткен салтанатты шараға Елизавета ІІ патшайым, Чарльз ханзада мен ақсүйектер отбасының өзге де мүшелері қатысқан болатын.

Ал Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мен Франция президенті Франсуа Олланд әлемге қауіп төндіріп отырған ДАИШ жасағымен күресте күш біріктіруге уағдаласты. РИА Новостидің хабарлауынша, тараптар телефон арқылы сөйлесіп, Сириядағы дағдарысты талқылаған. Бүгінде Сирияның басым бөлігі ДАИШ содырларының бақылауында екені белгілі.