Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Еуроодақ шаруаларды қолдауға 500 млн еуро бөледі

AstanaTV
08.09.2015ж. 13:00
987
Еуроодақ шаруаларды қолдауға 500 млн еуро бөледі

Еуропалық одақ шығынға батқан шаруаларды қолдау ретінде 500 млн еуро бөлмек. Мұндай шешім шұғыл түрде өткен Еуроодақ саммитінде қабылданды. Бұған дейін Брюссельде Еуроодақ кеңесі ғимаратының алдында 5 мыңға жуық фермердің бас көтерген болатын. Олардың басым бөлігі Бельгия мен Франциядан ат арылтып келген. "Кей шаруалар тіпті тракторлармен қаланың негізгі жолдарын жауып тастамақ болды",  - деп хабарлайды "Рейтерс" агенттігі.

Олар Еуроодақтың жүргізіп отырған саясатына наразы. Ресейге қарсы қойылған санкциялар салдарынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шығынға белшеден батқандарын айтады. Кейбірі тіпті банкротқа ұшыраған. Бас көтерген топ өкілдерінің айтуынша, қазір Еуропада тауар ұсынысы шектен шығып, сүт пен ет өнімдері тым арзан бағамен қабылданып жатыр. Салдарынан шаруалар шығынға шаш етектен батып отырған көрінеді.

Фернанд Етген, Люксембургтің ауыл шаруашылығы министрі:

Біз Еурокомиссия нақты ұсыныстар мен шаралар ұсынып, оның шарапатын көреміз деп сенеміз. Тауар өндірушілердің ахуалын оңалту үшін, барынша әрекет етуге тырысамыз.

  

Алдыңғы жаңалық