$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Елордада заңсыз қоқыс орындарын анықтау жұмыстары жүргізілуде

AstanaTV
13.06.2016ж. 20:00
1821
Елордада заңсыз қоқыс орындарын анықтау жұмыстары жүргізілуде

Астанада заңсыз қоқыс тастайтындар көбейіп кеткен. Арнайы тексеру барысында заң бұзған азаматтар анықталып,  әкімшілік жазаға тартылды.

-Қоқысты байқамай, жұмысшылар 1-2 рет тастап қойыпты. -Көрініп тұр бір-екі рет екені.

Рейдтік тексерулер 3 аптадан бері жүргізілуде. Осы уақытта көптеген келеңсіздіктер анықталды. Базарлардың маңында тұрмыстық қалдықтар мен белгісіз сұйықтықтар төгілген орындар табылған.

Ал, Есілдің сол жағалауында құрылыс компаниялары қоқысты құрылыс алаңдарына жинап қойған. Әкімдік өкілдері кәсіпкерлер мұны ақшаны үнемдеу үшін жасады дейді. Өйткені құрылыс қалдықтарын экополигонға көму үшін тоннасына 3500 теңге төлеу керек. Табиғат қорғау инспекторлары айыппұлдың одан жүз есе көп екенін ескертеді.

Қала сыртындағы жағдай мүлде қиын. Жыл басынан бері Астана маңындағы рұқсат етілмеген аумаққа қоқыс тастаған жүк көліктерінің 28 жүргізушісіне айыппұл салынды. Сондай-ақ ассенизаторлық машиналардың 33 жүргізушісі жауапкершілікке тартылған.