$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Елімізде 2016 жылдан бастап жаңа қуат нарығы енгізіледі

AstanaTV
08.09.2015ж. 20:00
1782
Елімізде 2016 жылдан бастап жаңа қуат нарығы енгізіледі

2016 жылдан бастап еліміздің электр энергетикасында жаңа нарық пайда болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарына осы мәселеге қатысты заң жобасын таныстырған Атом және энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы мәлімдеді.  

«Жаңа қуат нарығы электр стансаларының дамуына және инвестициялар тартуға үлкен көмек көрсетеді»,- дейді Сұңғат Есімханов. Сонымен қатар, «Астана» теларнасы тілшісінің сұрағына жауап берген ол, Еуразиялық экономикалық одақ аясында электр энергетикасының ортақ нарығы құрылған күнде біздегі тарифтің көтерілмейтін, айтты. 

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы:

Осы 5 мемлекеттік біріккен нарығын концепциясын бекіткен кезде, бірінші талап - әр мемлекет өзінің керекті электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесін шештік. Біздің тариф төмен болса, біз міндетті түрде ол тарифті көтермейміз. Біздің тұтынушылар үшін ол тариф сол ретінде қалады. 2016 жылы бекітілетін тарифтер 2015 жылдан биік болмайды. Ол қымбаттамайды электр қуаты.

Комитет төрағасы, Астананың энергетикалық кешендері ресейліктердің иелігіне өтеді, деген алып қашпа әңгімені де жоққа шығарды. Елорданың жарықпен қамтамасыз ету нысандары қалалық әкімдіктің қарамағында. Ал оларды өзге біреуге беру мүлде жоспарда жоқ көрінеді. Астанадағы үшінші жылу электр стансасының құрылысына қатысты тендер әзірге өткізілмеген, - деді сала өкілі. Ал атом электр стансасын салуға экономикалық дағдарыстың әсері тимейтінін де айта кетті.

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы:

Үкімет құрған жұмыс тобының шешімі бойынша екі жер қарастырылып жатыр - Курчатов пен Балқаш көлінің жаны. Бірақ ол қай жерде нақты қандай қуатымен болатыны - әлі белгіленген жоқ. Ол жұмыс жүргізіліп жатыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ