$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Министрлер де әкімдер секілді халық алдында есеп береді

AstanaTV
08.09.2015ж. 20:00
1076
Министрлер де әкімдер секілді халық алдында есеп береді

Бұдан былай жыл сайын министрлер ел алдына шығып есеп бере бастайды. Сондай-ақ ұлттық университеттердің ректорлары да осылай етуге міндеттелмек.

Бүгін мәжілісте «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Әдетте халық алдында әкімдердің есеп беретінін білеміз. Енді министрлер де тұрғындармен кездесіп, өз саясатын түсіндіріп, жоспарларымен бөліседі. Заңдағы өзгерістер, Ұлт жоспарына сәйкес 100 нақты қадамның 94-қадамын орындау үшін, әзірленді. Мақсат - халыққа есеп беретін ашық Үкімет құру. Осы ретте интернет ресурстар да кеңінен қолданылмақ. «Open.e.Gov.kz» сайты ашылады. Сайт арқылы атқарушы биліктің жұмысына әр азамат баға бере алады. Порталда қазына қаражатының қайда жұмсалып жатқаны да бүге-шігесіне дейін жазылмақ.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бұл порталда республикалық бюджет, мемлекеттік органдардың бюджеті, әкімдіктердің бюджеті туралы барлық ақпар жазылады. Олардың орындалуы, жобалардың іске асуы да қамтылады. Тұрғындарда бюджеттің орындалуын қарауға, дауыс беруге, пікір қалдыруға мүмкіндік болуы тиіс.   

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ