Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Астанада «Samsung smart class» атты инновациялық білім беруге бағытталған сынып ашылды

AstanaTV
08.09.2015ж. 20:00
1489
Астанада «Samsung smart class» атты инновациялық білім беруге бағытталған сынып ашылды

Астанада «Samsung smart class» атты инновациялық білім беруге бағытталған сынып ашылды. Жоба «Нұр Отан» партиясы саяси менеджмент мектебінің және «Samsung Electronics Central Asia» компаниясының қолдауымен іске асырылды. Ұйымдастырушылардың айтуларынша, дәрістер жаңа интерактивті оқу әдісімен жүргізіледі. Әрі оқу барысында сандық технологиялар мен жаңа бағдарламалық жасақтама қолданылады.

«Нұр Отан» партиясының ғимаратында орналасқан сыныпта қатысушыларға арналған 20 планшет пен интерактивті «Smart» тақта қойылған. «Бұл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дәріс жүргізу ісін жеделдетіп, білім беру жүйесін электрондық үлгіде қалыптастыруға ықпал етпек», - дейді жоба авторлары.

Айта кетсек, дәл осындай бастама білім беру жүйесін дамыту бойынша республикалық бағдарлама аясында 2013 жылы пилоттық жоба түрінде еліміздің бірқатар мектептерінде енгізілген. Бүгін жаңадан ашылған «смарт» сыныпта алғашқы дәріс оқылды. Оның тақырыбы «Сандық дәуірдегі саясат» деп аталады.

Әлібек Қисыбай, «WIKIBILIM» қорының атқарушы директоры:

Сандық технологиялардың дамуы бізді, күнделікті өміріміздегі экономиканы, саясатты қатты өзгертіп жатыр. Бірақ әлі күнге дейін, Қазақстан болсын, шетелде болсын, бұны зерттеп көретіндей, немесе саясаттанудағы рөлі деген тақырыптағы зерттеулер өте аз. Курста айтылатын нәрсе - мемлекетке және жеке адамдарға қандай әсері болады? Оларға қалай дайындалу керек және оның өзгерістерін қалай біз тиімді игере аламыз?

Жұрағат БАМАН