Халықаралық
ғарыш стансасы экипажының мүшелері баспасөз өкілдерімен телеконференция өткізді.
Бұл туралы RT арнасы хабаралады. Халықаралық ғарыш стансасы экипажы
мүшелерімен өткізілген телеконференция барысында қазақстандық ғарышкер Айдын
Айымбетов журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол сөзінде: «Менің арманым
орындалды, мен Жер орбитасындамын, ауызбіршілігі жарасқан ұжыммен швейцар сағаты
тәрізді жұмыс істеудеміз», - деді.
Сондай-ақ,
Астанада жас ғарышкерлер мектебінде сабақ берген Айымбетов балалардың
ғарышқа ұшуға деген үлкен тілегі бар екенін және олардың арманы орындалатынын
атап өтті. Ал журналисттердің «дастарқан» жайлы қойылған сұрағына Айдын
Айымбетов қазақтың ұлттық тағамдары ғарышкерлерге қатты ұнағанын қуанышпен
жеткізді.
«Нөмір
алтыншы дастарқан» туралы айтатын болсақ, ғарышкерлерге қазақтың ұлттық
тағамдары, әсіресе «Жігіт» кеспе сорпасы, сонымен қатар ірімшік пен құрт қатты
ұнады.