$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Алматы көшелеріндегі жол қауіпсіздігі арнайы көліктермен де бақыланатын болды

AstanaTV
09.09.2015ж. 10:00
1659
Алматы көшелеріндегі жол қауіпсіздігі арнайы көліктермен де бақыланатын болды

Алматы көшелеріндегі жол қауіпсіздігі ережелері енді арнайы көліктермен де бақыланатын болды. «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» қауымдастығына тиесілі көліктер жол сақшыларының жұмысын жеңілдетуді көздеп отыр. Жол қозғалысын бақылауға арналған жаңа көлікте төрт видеотіркеуіш бар. Жол сақшыларының айтуынша, "көліктегі заманауи қондырғылар көшедегі кетіп бара жатқан кез-келген көліктің қаншалықты жол ережесін сақтағанын айдан анық жазып алады".

Осыдан екі жыл бұрын құрылған аталған қауымдастық жол полиция қызметкерлерімен бірігіп, бірнеше акциялар өткізіп келеді. Негізінен қатардағы жүргізушілер мен студенттерден жасақталған ұжым Алматы көшелерінде жол ережесін сақтамайтын жүргізушілермен жұмыс істеуді мақсат еткен.

Арсен Шакуов, Алматы қаласы «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» қауымдастығының төрағасы:

Біз қала көшелеріне кезекшілікке шығамыз. Тас жолдардың осал тұсын бақылаймыз. Қай жерде арнайы белгілер қою керек, қай жерде шұңқыр бар деген сияқты. Ең бастысы - жол қозғалысы қауіпсіз болу керек. Кезекшілік барысында жол ережесін бұзған фактілерді жол полиция қызметкерлеріне хабарлаймыз.

Самат ҚАНАҒАТОВ