Сирия
мен Ирактағы әскери қақтығыстар кезінде Қырғызстанның 45 азаматы бақилық
болды. «Бұл жайында Қырғыз Республикасы ішкі істер министрлігінің басқарма
бастығының орынбасары Раим Салимов мәлім етті», - деп хабарлайды
"КирТаг" агенттігі. Оның айтуынша, «Қырғызстанда сарбаздарды жалдап,
шетелдегі ұрыс алаңдарына жіберу мәселесі әлі күнге дейін белең алып келеді».
Бүгінде жүздеген қырғыз азаматы Сирия мен Ирак жерінде соғысып жүр. Раим
Салимовтың сөзіне сенсек, шетел асқандардың ішінде 122 әйел мен 83 бала бар.
Осыны тілге тиек еткен аталған басқарма өкілі, қазір Қырғызстанда лаңкестікке
қарсы шаралар мықтап қолға алынғанын, айтады.
Абзал ҚҰРМАНКИН