$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Сергей Лавров: Босқындар үшін дауды ушықтыратын елдер жауап беруі тиіс

AstanaTV
09.09.2015ж. 10:00
1275
Сергей Лавров: Босқындар үшін дауды ушықтыратын елдер жауап беруі тиіс

«Босқындар үшін дауды ушықтыратын елдер жауап беруі тиіс». Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың бұл пікірін «Рейтерс» жария етті. Министрдің дерегінше, гуманитарлық көмекке мұқтаж жандардың басым бөлігі - түрлі саяси жанжалдан жапа шеккендер. Мұндай көрсеткішті арнайы сараптама көрсеткен.

«Еуропадағы босқындардың мәселесін жанама түрде шешуге болмайды. Түйткілді мәселенің  түйінін жою үшін, проблеманың мәніне назар аударған жөн. Яғни  Еуроодаққа ағылған босқындар легіне не түрткі болды, соны ажыратып алу маңызды. Ал оны саяси деңгейде шешкен жөн. Ел қазыналарынан қосымша қаражат бөлу арқылы жағдайды, уақытша оңалтудан басты проблема шешілмейді», - деп атап өтті министр.

Сергей Лавров, РФ сыртқы істер министрі:

Халықаралық дау-дамайларды тудырған елдер гуманитарлық көмекке мейілінше көңіл бөлсе, бұл әділ болар еді.

Абзал ҚҰРМАНКИН