БҰҰ
Бас хатшысы Пан Ги Муннің мәлімдеуінше, әлемдегі ересек адамдардың 750 миллионы
сауатсыз. Оның үштен екісі әйелдер. Демек, әрбір дүниежүзіндегі 10-шы адам жаза
да, оқи да алмайды деген сөз.
Бұл жайында Қазинформ агентігі,
ВВС-ға сілтеме жасап, хабарлайды. Мектеп жасындағы
шамамен 250 млн бала негізгі орта білімнен қағылған. Осыған орай Пан Ги Мун үкімет
пен кәсіпкерлерді күш біріктіріп, қандай да бір
шара қолдануға шақырады.
Т. ОСПАНБАЕВА