$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады

AstanaTV
09.09.2015ж. 20:00
1110
Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады

«Уран өндірісіне ден қойып, өзге активтерді түгел жеке меншікке беріңдер». «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма жүктеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Асқар Жұмағалиев Елбасына атом компаниясының даму стратегиясы бекітілгенін баяндады. Ал Президент, экономикалық көрсеткіштерді жақсарту үшін, компания салалық емес активтерінен арылуы қажет, дегенді айтты. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасы стратегияны жүзеге асыру «Қазатомөнеркәсіптің» құнын арттырады деп санайды. Және осы арқылы компанияның әлемдік уран өндірісі нарығындағы көшбасшылық орнын сақтап қалуға мүмкіндігі боларына сенім білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Асқар Жұмағалиев, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы:

Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіптің» бекітілген даму стратегиясы туралы баяндадым. Онда өндірісті әртараптандыру және ядролық отынның барлық кезеңіне бойлау ісі қарастырылған. Тағы бір маңызды бағыт - өндірістің тиімділігін арттыру. Бұл жерде де нақты мақсаттар белгіленді. Сонымен қатар, компанияның салалық емес активтерінен арылу қажеттігі айтылды. Осы жұмысты жалғастыру бойынша жеке тапсырма берілді. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ