Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ұлттық банк 2 миллионға жуық салымшыға теңге бағамы бойынша айырманы төлеуді жоспарлап отыр

AstanaTV
09.09.2015ж. 20:00
1062
Ұлттық банк 2 миллионға жуық салымшыға теңге бағамы бойынша айырманы төлеуді жоспарлап отыр

Ұлттық валютада депозит ашқан салымшыларға жағымды жаңалық. Теңгенің еркін өзгермелі бағамына өтуіне байланысты Ұлттық банк теңгемен ашылған депозиті бар салымшыларға бағамдық айырма төлемек.

Бұл қаржы 2015 жылдың 18 тамызына дейін екінші деңгейлі банктерде немесе «Қазпошта» компаниясында депозит ашып, оған ұлттық валютамен салым жасаған азаматтарға беріледі. Басты талап - жинақталған қаражат көлемі 1 миллион теңгеден аспау керек. Сондай-ақ, тиісті өтемақы 1 жылдан асқан салымдарға төленеді. Ол үшін азаматтар, 1 қазанға дейін банкке депозитті қайта рәсімдеу үшін, өтініш жасауы тиіс.

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз брифингі барысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, салымшылардың ұлттық валютадағы депозитінің көлемі 1 триллион теңгені құрайды. 

Қуат Қожахметов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

Қазақстанда теңгелік депозиттеріне өтемақы төленетін салымшылардың саны екі миллионға жуықтайды. Шарт бойынша депозиттегі ақша банкте бір жылға дейін сақталуы тиіс. Сонда банктер тарапынан салымшыларға 10,5 пайыз көлемінде мөлшерлеме төленеді. Айырмашылық бұрынғы бағам бойынша есептеледі. Яғни 188 теңге 35 тиын  көлемінде.
 
Айгүл ЕРМАХАН