$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қырғызстанда диссертациясын қорғаған отандық ғалымдар саны артқан

AstanaTV
10.09.2015ж. 10:00
1627
Қырғызстанда диссертациясын қорғаған отандық ғалымдар саны артқан

Отандық ғалымдар ғылыми дәрежелерін көбіне Қырғызстанда қорғайды екен. Соңғы 5 жылда Бішкекке барып докторлық немесе кандидаттық диссертациясын қорғаған қазақстандықтар саны үш есе артқан. Мұны Астанада өткен ТМД мемлекеттерінің білім беру саласындағы ынтымақтастық кеңесінде қырғыз елінің білім және ғылым министрі Эльвира Сариева журналистерге берген сұхбатында айтты.

Эльвира Сариева, Қырғызстан республикасының білім және ғылым министрі:

Бізге қазақстандық ғалымдардың келетін легі үлкен. Қырғызстанда диссертация қорғау оңай деген пікірмен келіспеймін. Бірақ қазақстандықтар келіп жатыр. Соңғы 5 жылда ғылыми дәрежесін қорғағандар саны үш есе көбейді. 

ТМД елдерінің білім саласындағы ынтымақтастық кеңесіне Қырғызстанмен қоса, Армения, Белоруссия, Ресей және Тәжікстанның білім және ғылым министрлері мен орынбасарлары қатысты. Тараптар ТМД елдерінің тарихы бойынша ортақ бағдарлама құру мәселесін қарастырды. Білім және ғылым министрінің орынбасары Тахир Балықбаевтың айтуынша, ол бағдарлама болашақта факультатив ретінде қолданылуы мүмкін. Айта кетерлігі, халықаралық кеңеске Өзбекстан мен Украина білім министрлері қатысқан жоқ. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ