Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Батыста орман өртенуде

AstanaTV
10.09.2015ж. 10:00
1334
Батыста орман өртенуде

Батыс Қазақстан облысында тілсіз жау бой бермей, орман алқабына ауысты. Қыркүйектің 8-де Орал қаласы іргесіндегі саяжайларда басталған өрт тіпті темір жолды да шарпыған еді. Шойын жолдағы екі мыңнан астам шпалды істен шығарған жалын 16 гектар жерге жайылыпты. Қазір тілсіз жау Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданына ойысқан.

Мұндағы Бударин орман шаруашылығында екі мың гектардан астам орманды алқап өртеніпті. Ну орманның арасынан арнайы техника өте алмайтын болғасын, тікұшақ көмекке жұмылдырылған. 5 тонна су сиятын алып цистернаны көтерген тікұшақ суды жоғарыдан шашуда. Бүгінде бұл аумаққа 36 тонна су шашылған. Қазір өңірдегі өрттің себептерін анықтау үшін, жедел тергеу тобы құрылды.

Рашид Біләлов, БҚО ТЖД өрт сөндіру, апаттық құтқару қызметінің басшысы:

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, өртті өшіру жұмыстары қиындады. Күн ыстық, күшейген жел қызыл жалынның жайылуына жол берді. Қазір шамамен 2 мың гектардай жер өртенді. Өртті сөндіруге аудандағы бүкіл мекемелер жұмылдырылды. Адам шығыны жоқ. 

Еркін КАРИН