Қорғаныс
министрлігі Бейжіңдегі парадқа қатысқан әскерилерді Астанада құрметке бөледі.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Министр
Иманғали Тасмағамбетов Жапониямен соғыстағы Қытай халқы Жеңісінің 70 жылдығы
мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа
қатысқан қазақстандық әскери қызметшілерді марапаттады.
Қазақстандық
әскерлердің атынан аспан асты еліндегі ауқымды парадқа Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауылы ротасы қатысып қайтты. Айырықша көзге түскен сегіз әскери
қызметшінің кеудесіне Тасмағамбетов «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлес үшін» медалін тақты.
Айта кетейік, парадқа 17 елдің әскери қызметшілері қатысты.