Бүгін
Қазақстан Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлайды. Осынау айтулы датаға орай
Елордада «Қазақ елі» алаңында 50-ден астам киіз үй тігіліп, екі үлкен сахна,
спорт алаңдары орнатылды. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына
қызықты ойын-сауық пен концерттік бағдарлама ұсынады.
Сондай-ақ көрермендер
назарына «Бірлігіміз жарасқан» деген
атаумен халықтар достығын насихаттайтын бейнероликтер көрсетілмек. Бұдан бөлек
қазақ күресі, арқан тарту, тоғызқұмалақ, асық ату сынды ұлттық спортымыз мерекеміздің көркін
қыздырмақ. Өскелең ұрпаққа тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайту мақсатында
Елорданың барлық мектептерінде «Қазақ хандығының 550 жылдығы» тақырыбында ашық
сабақтар өткізілмек. Тарихи датаны тойлау 13 қыркүйекке дейін жалғасады.