Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Иранмен арадағы атом келісімі АҚШ-тан басқа бәріне тиімді

AstanaTV
10.09.2015ж. 13:00
1022
Иранмен арадағы атом келісімі АҚШ-тан басқа бәріне тиімді

Иранмен арадағы ядролық келісім Құрама Штаттардан басқалардың бәріне тиімді. Капитолидегі қарсылық акциясына қатысқан бизнесмен әрі президенттіке үміткер Дональд Трамп осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, тараптар мәмілеге келген  жағдайда барлық елдер қаржылық дивидентке қарық болады.

Тіпті Иранмен бірігіп бизнес жүргізетін Ресей де құр алақан қалмайды. Бұл жағдайда Американың пайдаға қалай кенелуі керектігін Трамп ашып айтпады. Бірақ өзін президент етіп сайласа, бұдан мемлекет ұтады деп мәлімдеді. Өткен аптада Барак Обама 34 сенатордың қолдауына ие болған. Бұл дауыстар Конгресстің Иранмен келісімге қарсы резолюциясына мемлекет басшысының вето қоюына жеткілікті.

Еске салайық, 10 жылға созылған келіссөзден кейін биыл шілде айында Иран мен бақылаушы «алтылық» мәмлеге келгендей болған. Енді БҰҰ инспекторлары Ираннның барлық ядролық нысандарын  бақылауға алады. Ал ислам республикасы бейбіт мақсатта атом өндірісін жалғастырады. Осылайша Иран санкциядан да босатылмақ.

Дональд Трамп, АҚШ президенттігіне үміткер:

Ресей Иранға баллистикалық зымырандар сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы барлығы біледі. Барлық елдер Иранмен бизнесс жүргізе бастайды. Біз бұған түк те істей алмаймыз.